РГКП "КАЗАХСКАЯ БАЗА АВИАЦИОННОЙ ОХРАНЫ ЛЕСОВ И ОБСЛУЖИВАНИЯ ЛЕСНОГО ХОЗЯЙСТВА"
Обычная версия сайта
Еліміздегі орман қорын әуеден бақылайтын "Қазавиорманқорғау" РМҚК мекемесінің қызметкерлері Алматы облысының аумағында орман өрті жағдайындағы оқу-жаттығу жұмыстарын орындады. Бұл туралы kazgazeta.kz тілшісі хабарлайды.
Боралдайдағы алаңда алғашқы жұмыс-тапсырмаларына әуе десантшылары қатысты. Олар әуе кемесімен бірнеше биіктік өлшемдеріндегі норамативтерді орындады. Бұл жұмыстардың маңыздылығы зор. Себебі, орман өртінің аймағына көлікпен, тіпті жаяу жету мүмкін болмайтын таулы-беткейлерде осындай авиациялық жұмыстар аса қажет. Сондықтан, тек тікұшақ көмегімен жалын аймағына әуе десантшылары қонып, өртті сөніруге кірісе алады. Бұл тұрғыда бүгінгі жұмыстың мекеме қызметкерлеріне қысқы демалыстан кейін тікұшақтан түсу техникасын есте сақтау мен дағыларын қалыптастыруға қосатын үлесі айтарлықтай. Айта кетейік, биылғы оқу-жаттығу жұмыстарына мекемеге жаңадан алынған КСК-5 құрылғысы қолданылды.
Келесі кезектегі, оқу-жаттығу жұмыстары Сорбұлақ көлінде жалғасты. Мұнда далалы аймақтағы орман өртіне Ми-8АМТ тікұшағы су сорғы құрылғысымен ұшып, өртті сөндіруге жылдам әрекет жасады. Соңында тікұшақ көмегемен себілген судан өрт бәсеңдеп, оған жерден өрт сөндіруші құрам жалынды толық ауыздықтады. "Су төгетін құрылғымен жұмыс қиын және қауіпті және ұшу экипажының жоғары дайындығын талап етеді",-дейді "Қазавиорманқорғау" РМҚК мекемесінің Алматы авиабөлімшесінің бақылаушы-ұшқышы Якупжан Ибрагимов. Тапсырмаларды "Қазавиорманқорғау" РМҚК мекемесінің Алматы және Талдықорған авиабөлімшелерінің десантшы, өрт сөндіру қызметкерлері орындады.
Талғат ӘЛИЕВ, "Қазавиорманқорғау" РМҚК бас директорының орынбасары:
-Бүгінгі шарада "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Авиациялық-өрт сөндіру қызметкерлерін жаттықтыру жұмыстары жүргізілді. Бұл әсіресе техника жете алмайтын орындарда жүргізілетін жұмыстар. Өйткені, қазіргі уақытта таулы жерлерге демалып, саяхаттап, қыдырып, серуендеп баратындар саны жыл сайын артып келеді. Соған сәйкес, ол жерлердегі орман өрті қауіпсіздігін сақтамау салдарларынан антропогендік өрт сипаты жиі тіркеліп жатады. Ал оны сөндіру жұмыстары көп жағдайда тікұшақ көмегімен, әуе десантшыларын қондыру тәсілдерімен ғана орындалады. Бүгінгі жаттығудың маңызы осы іс-әрекеттерді тәжірибелік деңгейде қайталау.
Жыл сайын Қазақстан аумағында 500-ден-1300-ге дейін орман өрті тіркеледі. Сан жағынан далалы аймақтағы көрсеткіш жоғары. Көбінесе, ауыл-аймақтың мал шаруашылығы жерлерінде жиі орын алады. Оның әр түрлі себептері бар.
Биыл осы уақытқа дейінгі аралықта Қазақстанның мемлекеттік орман қорының аумағында 194 орман өрті тіркелген. Оның жалпы аумағы 20 мың гектардан асты. Біздің тапсырма бойынша орман өрттеріне қатысу 80 %-дан және әуеден бақылау 75 %-дан төмен болмауы керек.
Сондай-ақ, сала мамандары өрт қаусіпіздігін ескертеді.
Өрт қауіпті маусымда орманда тыйым салынады:
- Орман күзеті көрсетілмеген және арнайы жабдықталмаған жерлерде от жағуға;
- Бөтелкелерді, шыны сынықтарды және басқа қоқыстарды қалдыру;
- Темекіні, жанып жанып жатқан сіріңкені тастауға;
- Техникамен ұшқын өшіргішсіз орманға бару.
Досжан Балабекұлы
https://kazgazeta.kz/news/126385